Садыр Жапаров Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркі кеңесінің қалыптасуы мен дамуына қосқан еңбегі ерен екенін атап өтті, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі.
"Сіздің Түркі кеңесіне қосқан үлесіңіз өте жоғары. Сіздің берген кеңесіңіз бауырлас мемлекеттердің достастығы мен қуатын арттырады деген үміттемін", - деді ҚырғызстанПрезиденті.
Бұдан кейін ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке ризашылығын жеткізді.
"Мен ресми сапармен барған кезде қабылдағаны үшін екі елдің Президенттеріне ризашылығымды білдіремін. Болашақта осы түркі тілдес өзге де елдердің басшыларымен кездесу мүмкіндігіне ие боламын деген үміттемін", - деді Садыр Жаппаров.
Қанат Махамбет