Үш ресейлік әйелге қос азаматтығы үшін 1,3 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

499

26, 45 және 51 жастағы әйелдер ұсталды. 

Үш ресейлік әйелге қос азаматтығы үшін 1,3 млн теңгеге жуық айыппұл салынды Фото: polisia.kz

Мадияр Айтуғановтың айтуынша, тексеру кезінде ұсталғандардың (Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының) қос азаматтығы бар екендігі анықталды.

Көлік полицейлерімен құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігімен (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

– Қарағанды қаласы Қазбек би аудандық сотының шешімімен РФ-ның азаматшалары әрқайсына 429 мың теңгеге жуық сома көлемінде әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды, – деді М.Айтуғанов.

Еске сала кетсек "Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзу" тәртібін бұзған 29 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ сот қаулысымен 4 шетелдік елден тыс шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу