"Үш рет барып, кіре алмадық"

1004

Атышулы "Rixos Aktau" санитарлық дәрігерді кіргізбей қойған.  

"Үш рет барып, кіре алмадық"

Ақтауда қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Әсима Жарылғасова "Rixos Aktau" кешеніне кіре алмаған. Бұл жөнінде БАҚ өкілдерімен өткен брифингке жария еткен санитарлық дәрігердің айтуынша, олар "Риксосты" тексеру үшін үш рет барған, бірақ, жақында ашылып, жарнамасы жер жарып тұрған демалыс орны үшеуінде де кіргізбей қойыпты.

"Біз мемлекеттік органбыз, мұндай әрекеттер біздің жұмысымызға кедергі келтіру болып табылады және ол үшін заң жолымен жауапқа тартылады",  – деп мәлімдейді Әсима Жарылғасова.

Оның айтуынша, арнайы мобильдік тексеру тобы кез-келген кәсіпкерлік нысанына алдын ала ескертусіз баруға құқылы. Оның үстіне, қазір суға түсу маусымы болғандықтан рейдтер жүргізіліп жатыр. Қазірге дейін осындай рейдтер нәтижесінде, екі демалыс базасына айыппұл салынған. Оларға бетперде тағу, арақашықтық сақтау, ғимаратты залалсыздандыру режимдерін бұзды деген айыптау тағылған, ал біреуінде карантин кезінде бассейн мен аттракциондар жұмыс істеп тұрыпты.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу