Үш спортшымыз АҚШ-тағы ең танымал бапкердің қоластында жаттығады

1022

Дэйв Сало көптеген әлем және Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлерін дайындаған.  

Үш спортшымыз АҚШ-тағы ең танымал бапкердің қоластында жаттығады

Жүзуден Қазақстан командасының мүшелері Дмитрий Баландин, Әділбек Мусин және Әділ Қасқабай АҚШ-тағы ең танымал бапкерлердің бірі, америкалық Дэйв Салоның қоластында жаттығады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жүзу әлемінде аталған бапкердің есімі ерекше аталады. Өйткені, Сало көптеген әлем және Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлерін дайындаған.  

"Қазақстан ҰОК президенті Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың тапсырмасымен отандық жүзгіштердің америкалық бапкердің қоластында жаттығуы туралы келіссөздер былтырдан бері жүргізілді. Қазақстандық спортшылардың толыққанды дайындалуына мүмкіндік беретін бұл қадам барысында біз жай ғана шетелдік кеңесшіні емес, жүзу әлемінде атағы алысқа кеткен бапкерді таңдадық. Ол біздің спортшыларымыз Олимпиадаға бабында аттануы үшін үлкен көмек көрсетеріне сенімім мол", – дейді Қазақстан ҰОК бас хатшысы Сәкен Мұсайбеков. 

Айта кетелік, Дмитрий Баландин 2020 жылғы Токио Олимпиадасының лицензиясын алып үлгерді. Ол FINA Қытайда ұйымдастырған жаңа форматтағы турнирде тиісті нормативті орындады. Баландин Champions Swim Series турнирінің Бударештте өтетін екінші кезеңінен соң танымал бапкермен жаттығуды бастайды. 

Мусин мен Қасқабай кешеден бері АҚШ-тағы әйгілі бапкердің қоластында жаттығуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу