"Үш тәулік тамақ ішпедім": Жамбыл облысында 700 қойымен бірге адасып кеткен қойшы табылды

83

Тәртіп сақшылары оны аудан орталығынан 200 шақырым жерде тапқан.  

"Үш тәулік тамақ ішпедім": Жамбыл облысында 700 қойымен бірге адасып кеткен қойшы табылды Фото: Видеодан скриншот

Жамбыл облысында полицейлер қалың тұманда адасқан қойшыны іздеп тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл ауданындағы шаруақожалықтардың бірінде екі күн бұрын қойшы 700 қойымен бірге құмды аумақта адасып кеткен.

Хабарлама түскен сәтте жедел түрде оқиға орнына шыққан полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізді. Полицияның жедел әрі кәсіби әрекетінің нәтижесінде 24 сағатқа жетпей аудан орталығынан 200 шақырым жерде қойшы да, оның малы да табылды.

"Түнде тоңып қалмау үшін ұйықтамауға тырыстым. Үш күнге жуық тамақ ішпегендіктен әлсіреп қалдым. Мені тапқан полиция қызметкерлері жағдайымды көріп, бірден жылы орынға апарып, айран мен нан берді. Алғысым шексіз", – деді тұрғын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу