Үш тәулікте теміржол бойынан 30 мың текше метр қар сыртқа шығарылды

925

Үш тәулікте теміржол бойынан 30 мың текше метр қар сыртқа шығарылды

Ауа райының күрделеніп кетуіне байланысты теміржолшылар үзліссіз қозғалыс қауіпсіздігін қамтамамыз ету үшін бар күшін салуда. Соған байланысты пойыздардың тоқтап қалу оқиғасы кездескен жоқ, деп хабарлады "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Өткен 20-20 қаңтар аралығындағы үш тәулікте ғана қардан 12 мың шақырым темір жол бойлары аршылды. 30 мың тоннадан астам қар сыртқа шығарылды. Бұған жол шаруашылығынан 7 мың еңбеккер тартылса, олардың қатарында темір жолдың басқа саласынан көмекке келушілер көп. Қар аршу және қар тазалау 200-ге жуық арнайы техникалар тартылған.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалы – Магистральдық желі дирекциясының атқарушы директоры Бауыржан Уәлидің айтуынша, барлық қар тазалау жұмыстарына тартылған еңбеккерлер мен қар тазалау техникаларының елу пайызына жуығы Ақмола мен Ақтөбе магистральдық желісіне жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу