Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бекіткен жобада бар тізімнен "Білім және Мәдениет", "МИР" , "Алматы" телеарналары алынып, олардың орнын "TamashaTV", "Kazakh TV" және "Ел арна" алмастырған, деп хабарлайды Atameken Business.
Тізімде барлығы 15 телеарна бар. Жоба сәуірдің 23-іне дейін қоғамдық талқылауда болады.
Айта кетейік еліміз бойынша міндетті түрде көрсетілетін телеарналардың тізімі соңғы рет 2016 жылы бекітілген. Тізім үш жылда бір рет конкурс негізінде жасалады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу