Үш тоқсанда елімізден 34 мың адам кетіп қалаған

1024

Бұл бір жыл бұрынғыдан  8%-ға көп.    

Үш тоқсанда елімізден 34 мың адам кетіп қалаған

Биылғы жылдың үш тоқсанында елімізден  34,2 мың адам кеткен, бұл былтырғы жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен  8,3%-ға, деп хабарлайды  ranking.kz.

Ал елге келген адамдар саны небәрі 8 мың  ғана, яғни былтырғы жылға қарағанда 14,4%-ға аз. Бұл көші-қонның кері сальдосын 26,2 мың адамға арттырды.   

Негізінен кеткендер еліміздің қалаларынан  28,8 мың адам  немесе кеткендердің жалпы санының 84,1%-ы. Ал ауылдардан 5,4 мың  адам.

Сыртқы көші-қонның кері сальдосы 16 жастан бастап зейнет жасына дейінгі қазақстандықтар арасында байқалады. Ал 15 жасқа дейінгі балалардың көші-қон кері сальдосы 8 мың адамды құрайды.

Қазақстандықтардың басым бөлігі Ресейге кеткен, 2019 жылдың тоғыз айында 30,4 мың адам кеткен. Ресейден келгендер саны 2,2 мың адам.

Қазақстандықтардың тағы бір көп көшетін елі Германия. Ол жаққа 2,1 мығ адам кеткен.

Үштікті Беларусь елі тұйықтап отыр. Бұл елге 297 қазақстандық кеткен. Сондай-ақ бестікке Өзбекстан, АҚШ кірген.

Сонымен қатар қазақстандықтар Қырғызстанға, Израиль, Қытайға, Түркия мен Канадаға кетуде.

Қазақстанға Өзбекстаннан (2,9 мың адам), Ресейден (2,2 мың адам) және Қытайдан (686 адам) келетіндер көп.

Өңірлер бойынша Шығыс Қазақстан (5,4 мың), Қарағанды (4,8 мың) және Қостанай облысынан (4,3 мың адам) шетелге кетушілер көп. Сондай-ақ өңірлер бойынша бестікке Павлодар (4,2 мың) және Солтүстік Қазақстан облыстары (3,3 мың) бар.

Көші-қонның оң сальдосы еліміздің тек үш өңірінде ғана байқалады. Оның ішінде Шымкент (келгендер 293, кеткендер 622), Алматы (1155 кеткен, келгендер 1456 адам) және Түркістан облысы (кеткендер 196, келгендер 261) бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу