Жарма ауданындағы үш түзеу мекемесінде жаңа жұмыс орындары ашылып, 250 жазасын өтеуші жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды altaynews.kz.
Осыдан бастап аталмыш түзеу мекемелерінде кірпіш, темірден жасалған бұйымдар мен құрылыс арматурасы өндіріледі. Облыс прокурорының міндетін атқарушы Құсайын Игембаевтың айтуынша, жеке кәсіпкерлер "Колонияларда жұмыспен қамту-2017" жобасы аясында кәсіпорынға арзан жұмыс күшін тарта алады.
"Жармалық жеті кәсіпкер үш түзеу мекемесінде жаңа жұмыс орындарын ашты. Кейінгі жылдары біздің өңірде сотталғандармен нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, осыдан екі ай бұрын облыс прокуратурасы үлгілі тәртіп көрсетіп жүрген жазасын өтеушілерге туыстарымен онлайн режимде сөйлесуге мүмкіндік берді", — дейді Құсайын Игембаев.