Үш жылда Құрық порты арқылы төрт миллион тоннадан астам жүк тасымалданған

1470

Теміржол және автомобиль айлақтары бір уақытта төрт паромды немесе күніне сегіз паромды өңдеуді қамтамасыз етеді. 

Үш жылда Құрық порты арқылы төрт миллион тоннадан астам жүк тасымалданған

Темір жол айлығының өткізу қабілеті жылына 4,1 млн тонна, автомобильдік өткізуі - жылына 1,9 млн тонна. Теміржол және автомобиль айлақтары бір уақытта төрт паромды немесе күніне сегіз паромды өңдеуді қамтамасыз етеді.

 Порт жұмыс істей бастағаннан бері 1394 кемеге қызмет көрсетілді. Бұл туралы Құрық портының бас директоры Серік Ахметов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды lada.kz.

Серік Ахметов Құрық портындағы паром кешені қазіргі заманғы инфрақұрылыммен жабдықталғанын және порттың жобалық қуаттылығы жылына алты миллион тонна жүк болатынын атап өтті.
"Порт жұмыс істей бастағаннан бері 1 394 кеме өңделді, жүктерді ауыстырып тиеу 4,3 млн тоннадан асты. 2019 жылдың он бір айында 1,2 миллион тоннадан астам әр түрлі жүк өңделді, оның 760 мың тоннасы - импорт бағытында және 485 мың тоннасы - экспортта. Қазіргі уақытта Құрық портының паромдық кешені арқылы қазақстандық астық, көмір, мұнай өнімдері, тыңайтқыштар, химиялық заттар экспортталады. Импортқа азық-түлік, өндірістік жабдық, құрылыс материалдары және басқа да тауарлар жатады. Порт арқылы түрлі жабдықтар, электроника, тоқыма, химиялық өнімдер, металл бұйымдары және тағы басқалар өтеді. Жалпы порттың теміржол және автомобиль инфрақұрылымы Әзірбайжан мен Грузия арқылы Түркияға және Шығыс Еуропа елдеріне экспорт / импорт қызметтерін алуға және пайдалануға мүмкіндік береді ", - деді Серік Ахметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу