Үш жылдан бері әкімдіктен егіс алқабын ала алмаған инвесторға көмек берілді

319

Жергілікті атқарушы орган бос жердің жоқтығына сілтеме жасаған. 

Үш жылдан бері әкімдіктен егіс алқабын ала алмаған инвесторға көмек берілді

Жамбыл облысының Байзақ ауданында сүт өнімдерін өндіру және өңдеу, сондай-ақ ірі қара малын күтіп-бағу бойынша инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, деп жазады inbusiness.kz сайты Бас прокуратураға сілтеме жасап.

"Нұрлы-жай" шаруа қожалығы  жобаға 400 млн теңгеге жуық инвестиция салған және облыстағы алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың бірі.

Алайда инвестор үш жылдан астам уақыт бойы инвестициялық жобаны одан әрі жүзеге асыру үшін жергілікті әкімдіктен егіс алқабын ала алмаған.

Қадағалау жүргізу барысында прокурорлар осы ауданда аумағы 182 га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы учаскесін анықтап, мемлекетке қайтарды.

Прокуратураның көмегімен бұл жер учаскесі инвесторға бір ай ішінде берілді.

Бөлінген жерлер инвестициялық жобаны дамытуға пайдаланылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу