Үш жылдық бюджетке қатысты заң қабылданды

596

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Татьяна Яковлева сенат депутаттары  еліміздің басты қаржы құжатына 39 түзету енгізгенін мәлімдеді. 

Үш жылдық бюджетке қатысты заң қабылданды

Оның сөзінше, 3 түзету заң жобасының мәтініне, 36 түзету республикалық бюджеттің шығыс бөлігіне енгізілді. 

"Сенат енгізген түзетулер 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджеттің негізгі параметрлерін өзгертпейді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қаржы және бюджет комитеті "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасына ҚР Парламентінің Сенаты енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келісуді ұсынады", – деді Татьяна Яковлева мәжілісмендерге.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу