Үш жылға пайызсыз несие беріледі

15304

Инвестициялық салық кредиті енгізілуі мүмкін.

Үш жылға пайызсыз несие беріледі

Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыланды.

Жиында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов инвестициялық салық кредиті енгізілуі мүмкін екенін айтты.

"Инвестициялық салық кредитін енгізу ұсынылды. Кредит корпоративтік табыс салығы және мүлік салығы бойынша 3 жылға беріледі. Ол пайызсыз болады, бірақ шарттар орындалмаған жағдайда өсімпұл есептеледі", – деді министр.

Руслан Дәленовтың сөзінше, алдағы уақытта мақтаны қайта өңдеуге, ашытқы, кондитерлік өнімдер, қант қызылшасынан қантты өндіруге есептелген қосалқы құн салығын азайту бойынша норма қолданысқа енгізілуі мүмкін.

"Экспорт кезінде қосылған құн салығын қайтару рәсімін оңайлату мақсатында отандық өндірушілер үшін қосалқы құн салығын жеңілдетілген түрде қайтару құқығын беру ұсынылады: яғни тексерусіз – 50%, қалған 50% - тексеруден кейін", – деді Руслан Дәленов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу