Ақтөбе облысы, Байғанин ауданындағы Қызылбұлақ ауылдық округінде жекенің малын бағатын жылқышылар өзара атысып, үш адам қаза болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
"Жылқы бағатындардың бірі Жаңатаң ауылынан. Бүгін марқұмның садақасы болып жатыр. Өзге екеуі басқа ауылдан. Олардың арасында не болғанын ешкім білмейді. Полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізді. Бір адамды ұстады деп естідік. Ал жылқысын бақтырып отырған ауыл адамы қазір бақташы іздеп жүр",- дейді ауыл тұрғыны Гүлшат Асанқызы.
Атыс кезінде үш жылқышының қаза тапқаны туралы ақпаратты Қызылбұлақ ауылдық округіндегі учаскелік полиция қызметкері растады. Қаза болғандардың бірі ауыл тұрғыны болса, екеуі Ақтөбе қаласынан екен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу