“Менің саусағым сынған, оған гипс салды, көгерген жерлері бар. Қазақстанда біздің жағдайымызды жасады. Мұнда да асты-үстімізге түсіп жатыр. Біз бәріне ризамыз. Бұдан жақсы болуы мүмкін емес, бәрі ең жоғарғы деңгейде болды”, – дейді ол.
Алайда, зардап шеккен азамат әйелінің жағдайынан бейхабар.
“Әйелімнің жағдайы туралы ештеңе білмеймін. Оның жай-күйін білсем деп едім. Оны көргім келеді. Ұшақта бірге отырған едік. Бірақ апаттан кейін оны көрмедім. Бәрінен де әйелімді қатты сағындым”, – дейді азамат.
Ұшақ апатынан аман қалған тағы бір Әзербайжан азаматы Самир Дарвишов Грозныйға әкесімен бірге ұшпақ болғанын айтты.
“Бауырыммен кездесіп, жұмыс қарастырмақ едік. Менің жағдайым қалыпты. Дәрігерлер бізге жақсы қарап жатыр. Барлық тексерістен өттім. Қазақстанда да бізге жақсы қарап, жағдайымызды жасады. Оларға алғыс айтамын”, – дейді Самир Дарвишов.