Қазақстан Embraer 190 ұшағының өздігінен жазу құралдарын Бразилияға жөнелту туралы шешім қабылдады, деп хабарлады inbusiness.kz сайты.
"Комиссия борттағы өздігінен жазу құралдарын (қара жәшіктерді) Embraer әуе кемесін шығарушы Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберу туралы шешім қабылдады", – деп жазылған хабарламада.
CENIPA орталығында қажетті техникалық мүмкіндіктер қарастырылған, тиісті құралдармен жабдықталған және оларды оқу үшін сертификатталған зертхана бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу