Ұшақ апаты: зардап шеккен жолаушының бірі ауруханада көз жұмды

1290

Ауруханаға жеткізілген 66 адамның 50-і емделіп жатыр. 12 адамның жағдайы ауыр. 

Ұшақ апаты: зардап шеккен жолаушының бірі ауруханада көз жұмды

Ұшақ апатынан зардап шеккен жолаушының бірі ауруханада көз жұмды. Сонымен қайтыс болғандар саны 15-ке жетіп отыр. Бұл туралы Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басышысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан.

"Барлығы 15 адам қайтыс болды. 14 адам апат орнында, 1 адам ауруханада көз жұмды", – деді ол брифингте. 

Еске салсақ, бүгін таңертең Bek Air компаниясының ұшағы Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыға бере, құлаған болатын. Соңғы дерек бойынша ұшақта 93 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған. Ауруханаға жеткізілген 66 адамның 50-і емделіп жатыр. 12 адамның жағдайы ауыр. Оның кейбіріне ота жасау қажет. Құтқару жұмыстары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу