Ұшақ апатына қатысты адам сенгісіз болжам айтылды

Мұны "Әзербайжан Хава Йоллары" әуе компаниясы хабарлаған.

Ұшақ апатына қатысты адам сенгісіз болжам айтылды Фото: Азамат Сарсенбаев

Оқыс жағдайға әуе кемесінің бір топ құспен соқтығысуы себеп болуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Баку-Грозный бағытында нөмірі J2-8243 рейсін орындаған Embraer 190 ұшағы Ақтау қаласынан 3 шақырым жерде апатты жағдайда қонған. 

Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпараттар барынша жаңарып жатыр. Аман қалғандар саны да нақтылануда. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің Басқару орталығында республикалық жедел штаб құрылып, жұмысын бастады. 

Жедел желі телефоны: 8/7292/319099.

Көлік министрлігі Бакуден Грозныйға жоспарланған рейс Әзербайжан әуе компаниясына тиесілі екенін хабарлаған. 

Еске салайық, бұған дейін Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты Үкіметтік комиссия құрылғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу