Ұшақ апатына қатысты әртүрлі алыпқашпа әңгімелерді таратуға болмайды – Мәулен Әшімбаев

221

"Арнайы комиссия жұмысының нәтижелерін күткен жөн".

Ұшақ апатына қатысты әртүрлі алыпқашпа әңгімелерді таратуға болмайды – Мәулен Әшімбаев Фото: Сенат

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Халық арасында шындыққа сай келмейтін көзқарас қалыптастырмау үшін алыпқашпа әңгімелерді таратпау маңызды. Сабыр сақтауымыз керек. Арнайы комиссия өз жұмысын бастады. Қазақстан үкіметі бұл мәселені шешуге бар күшін салып жатыр. Тиісті шаралар қабылданды. Әзербайжан мен Ресейдің тиісті мемлекеттік органдары да арнайы анықтау жұмыстарына қатысып жатыр. Тиісті органдар өз зерттеулерін аяқтап, қорытындыларын жариялаған соң ғана нақты ақпарат беріледі. Нақты ақпараттар болмайынша, тексерілмеген мәліметтерді тарату дұрыс емес деп есептеймін", – деді Мәулен Әшімбаев.

Оның сөзінше, тексерілмеген ақпарат тарату спекуляция ғана емес, этикаға да қайшы. 

"Кейбір адамдар бұл жағдайды өз пайдасына пайдаланып, ұпай жинауға немесе қаралым тартуға тырысады. Бұл дұрыс емес. Комиссия, мамандар жұмыс істеп жатыр", – деді Сенат төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу