Ұшақ апатына ұшыраған "Шапекоэнсе" клубына Судамерикана-2016 кубогы берілді

876

Ұшақ апатына ұшыраған "Шапекоэнсе" клубына Судамерикана-2016 кубогы берілді

5 желтоқсанда КОНМЕБОЛ оңтүстікамерикалық футбол қауымдастығы әуе апатына ұшыраған бразилиялық "Шапекоэнсе" клубына Судамерикана-2016 кубогы берілгенін мәлім етті, деп жазады tjournal.ru-ға сілтеме жасаған "ҚазАқпарат" ХАА.

Мәлімдемеде бұл шешімнің ақтық ойынға жетіп, олжадан бас тартқан "Атлетико Насьональ" клубының өтініші негізінде қабылданғаны айтылған. Жеңімпаздар жүлде ретінде екі миллион доллар алады, ал вице-чемпиондар күміс медальдар мен бір миллион долларға ие болады. "Шапекоэнсе" өз тарихында алғаш рет финалға шығып, Судамерикана кубогын алды. Алғашқы финалдық матч 1 желтоқсанға жоспарланған еді, алайда бразилиялық команда отырған ұшақ қарашаның 30-ына қараған күні Колумбия аумағына құлады. Қаза тапқан 71 жолаушының 19-ы футболшылар.  Үш футболшы, екі экипаж мүшесі және журналист аман қалды. Апаттың нақты себебі әлі анықталған жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу