Ұшақ апатына ұшырағандар өтемақыларын ала алмай жүр

890

Қасым-Жомарт Тоқаев мәселені шұғыл шешуді тапсырды.  

Ұшақ апатына ұшырағандар өтемақыларын ала алмай жүр Фото: akorda.kz

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Bek Air ұшағының апатынан қайтыс болғандардың отбасылары мен зардап шеккен жандарға өтемақы төлеуді жылдамдатуды талап етті.  

"Елімізде әуе апаты болғанын барлығы біледі. Маған осыған байланысты зардап шеккендерден күні бүгінге дейін хат келіп жатыр. Хат иелері әлі күнге дейін ақшалай өтемақыларын ала алмай жатқан көрінеді. Олардың арасында жұмысқа жарамсыз жағдайда қалғандары, ауруханада жатқандары бар", – дегенді айтқан Президент премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдан мәселенің мән-жайын түсіндіруді сұрады.

Роман Скляр ұшақ апатынан қайтыс болған адамдардың отбасыларына 4 млн теңгеден көмек көрсетілгенін, ал ұшақта болғандардың барлығына сақтандыру компаниясы арқылы тиісті көмек көрсетілетінін баяндады. 

"Тиісті төлем төленеді. Қажетті құжаттардың барлығы ресімделді. Жалпы, 52 адам зардап шекті. Оларға жергілікті атқарушы органдар мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көмек көрсетеді", – деді премьер-министрдің орынбасары.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу