Ұшақ апатынан 12 адам қайтыс болды

1452

Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Fokker-100 ұшағының апатына қатысты мәлімдеме жасады.

Ұшақ апатынан 12 адам қайтыс болды

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ұшақ апатына қатысты шұғыл баспасөз мәслихаты өтті.

Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Әлібек Абдилов бүгін, 2019 жылдың 27 желтоқсаны күні таңғы сағат 07:22-де "БекЭйр" әуе компаниясының Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша №Z2100 рейсін орындаған Fokker-100 ұшағының апатына қатысты мәлімдеме жасады.

"Ұшақ бетон қоршауын бұзын, екіқабатты ғимаратқа соғылған. Шұғыл түрде құтқару жұмыстары басталды. Өрт орын алған жоқ. Жолаушылар мен экипаж мүшелерін эвакуациялау жұмысы жүргізілді. Ұшақта 95 жолаушы 5 экипаж мүшесі болған. Алдын-ала мәлімет бойынша, мерт болғандар саны қазіргі уақытта 12 адамды құрап отыр", – деді ресми өкіл.

Оның сөзінше, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, премьер-министр басқаратын комиссия құрылды. Комиссия құрамына  индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.

"Комиссия мүшелері оқиға орнына ұшып кетті. Оқиғаның мән-жайы анықталғанша, апатқа ұшыраған типтегі ұшақтарды қолдану уақытша тоқтатылды", – деді Әлібек Абдилов.

Белгілі болғандай, апаттың мән-жайы жақын арада анықталып, орталық коммуникациялар қызметінің алаңында айтылады. Құзырлы орган  өкілдерінің қатысуымен өтетін баспасөз конференциясының уақыты қосымша хабарланады.

"Оқиға орнында құтқарушылар, медициналық қызметкерлер және құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оперативті штаб құрылды. Жедел байланыс телефондары жұмыс істеп тұр. Жедел байланыс телефондары: 8 (7172) 53-32-84, Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті  8 (7282) 22-02-13, 22-02-18. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша төтенше жағдайлар департаменті  8 (7172) 24-52-12, 24- 51-71, 24- 51- 47", – деді Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу