Ұшақ апатынан қаза болғандардың туыстары тегін ұшады

2732

ҚР ДСМ ұшақ апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін ресурстар жеткілікті екенін, қан тапсырудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді.  

Ұшақ апатынан қаза болғандардың туыстары тегін ұшады

28 желтоқсан күні Air Astana әуе компаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында қосымша рейстер енгізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2019 жылдың 28 желтоқсанында "Air Astana" әуе компаниясы "Алматы - Нұр-Сұлтан - Алматы" және "Нұр-Сұлтан – Алматы – Нұр-Сұлтан" бағыттары бойынша қосымша рейстер енгізеді. Нұр-Сұлтаннан ұшу уақыты – таңғы 05:00, Алматыдан ұшу уақыты – таңғы 07:00", – делінген хабарламада.

Bek Аir әуе компаниясы ұшағының апатында мерт болғандардың туыстары тегін тасымалданады.

Айта кетейік, бүгін таңертең Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті.

Кейін 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу