Бұл туралы "Әзербайжан әуе компаниялары" ЖАҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Компания таратқан ақпаратта әрбір жәбірленуші 6 миллион теңгеден астам, ал қаза тапқан адамның отбасы шамамен 12 миллион теңге алатыны айтылған.
"Әзербайжан әуе компаниялары" ЖАҚ Бақылау кеңесінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 25.12.2024 жылы апатқа ұшыраған Баку-Грозный J2-8243 рейсін орындаған "Әзербайжан әуе компанияларына" тиесілі Embraer 190 ұшағының бортында болып, зардап шеккендердің әрқайсысына 20 мың манат, ал қаза тапқандардың әрқайсысының отбасына 40 мың манат мөлшерінде өтемақы төлейді. Сонымен қатар, барлық жолаушылар Әзербайжан Республикасының заңнамасына және алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге сәйкес қолданылатын тиісті сақтандыру төлемін алады", – делінген ресми мәлімдемеде.
Бұған дейін "Ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына қандай көмек көрсетіледі?" деген тақырыпта материал жариялаған болатынбыз. Онда қазақстандық тараптың 5 миллион теңгелік бірреттік төлем беретіні жазылған.