Индонезиядағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров хабарлады, деп жазады sputniknews.kz.
"Индонезияның төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала ақпараты бойынша ұшақ апатынан қаза тапқандардың ішінде Қазақстан азаматтары жоқ", — деді Смадияров.
Еске сала кетсек, дүйсенбі күні таңертең Джакартадан Панкалпинанг қаласына бағыт алған ұшақпен 13 минуттан кейін байланыс үзілген. Тағы бірнеше минуттан кейін теңіздегі азаматтық кемелерден Батыс Ява жағалауынан ұшақтың сынықтары табылғаны туралы ақпарат түсті.