Іс-шараға дін өкілдері және "Застава тарландары" республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының ардагер шекарашылары, сондай-ақ қайтыс болғандардың жақындары, туған-туыстары қатысты.
ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаменті әскери қызметшілерінің бастамасымен өз елінің нағыз патриоттары – Отан сақшыларын ұлықтай отырып, ұшақ апаты болған орынға мемориалдық тақта орнатылды. Құлпытасқа мәңгілік мекенге аттанған шекарашылардың аты-жөндері жазылды.
Мемориал басында оңтүстік шекарашылары марқұм болған қаруластарының құрметіне дұға-тілектерін арнап, гүл шоқтарын қойды.
Еске сала кетсек, ұшақ апаты 2012 жылы желтоқсанда орын алып, елде қаралы күн жарияланған еді.