Ұшақ апатынан зардап шеккен 9 ресейлік азамат еліне оралды

195

Ақтауға ұшақ апатынан зардап шеккен ресейліктерді алып кету үшін Ресейден арнайы борт келді.

Ұшақ апатынан зардап шеккен 9 ресейлік азамат еліне оралды Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Маңғыстаулықтар ұшақ апатынан зардап шеккен 9 ресейлік азаматты Мәскеуге шығарып салды. Ресейлік арнайы борт түрлі деңгейдегі жарақат алған 9 отандасымен бірге елдеріне қайтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ресейлік делегацияны Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов бастаған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ел ақсақалдары мен жастар ақ тілектерін айтып, шығарып салды.

Айта кетейік, жарақат алғандардың барлығына Ақтаудағы ауруханаларда қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ Ақтауда Вице-премьер Қ.Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетіленін айтты.

Еске салайық, Көлік министрлігінің ақпаратына сәйкес бортта 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 Ресей азаматы болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу