Ұшақ апатында қаза тапқандардың мәйіті жақын арада Әзербайжанға жеткізіледі

183

Бұл туралы Әзербайжан Төтенше жағдайлар министрлігі мен Azerbaijan Airlines әуе компаниясының бірлескен хабарламасында айтылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Ұшақ апатында қаза тапқандардың мәйіті жақын арада Әзербайжанға жеткізіледі Фото: ҚР ТЖМ

Апатта қаза тапқан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің денесі жақын арада Әзербайжанға жеткізіледі. Сондай-ақ зардап шеккен жандарды тасымалдауға әуе компанияның арнайы рейсі жоспарланған.

Оларды тасымалдау зардап шеккен жандардың денсаулық жағдайы мен дәрігерлердің қорытындысына сәйкес және тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкіндік берген жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Әзербайжан мен Қазақстанның құзырлы мемлекеттік органдары барлық қажетті шараны қабылдап жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу