Ұшақ билеттеріне қатысты тексеру басталды

80

Қазақстанның Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев FlyArystan әуе компаниясының бұрынғы қызметкері жариялаған ұшақ билеттеріне қатысты ақпараттың қазір тексеріліп жатқанын мәлімдеді.  

Ұшақ билеттеріне қатысты тексеру басталды Фото: primeminister.kz

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистер министрден әуе компанияларындағы овербукинг мәселесіне қатысты сұрақ қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сондай-ақ бұл бағытта қандай нақты шешімдер қабылданып жатқанын сұрады.

Министрдің айтуынша, овербукинг – әлемдік тәжірибеде қолданылатын тетік болғанымен, бұл мәселе бұған дейін де бірнеше рет көтерілген.

– БАҚ-та тараған ақпаратқа байланысты Азаматтық авиация комитеті тиісті тексеру жұмыстарын бастады. Тексеріс нәтижесі бойынша ресми қорытынды жарияланады. Қазіргі таңда тараған деректердің қаншалықты шындыққа жанасатынын анықтау қажет, – деді Нұрлан Сауранбаев.

Айта кетейік, бұған дейін әуе тасымалдаушылары "овербукинг", яғни ұшақтағы орын санынан артық билет сату тәсілін жиі қолданатыны туралы ақпараттар жарияланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу