Ұшақ бортында темекі шеккен мас әйелге айыппұл салынды

467

Оқиға 27 қарашада болды. 

Ұшақ бортында темекі шеккен мас әйелге айыппұл салынды Фото: avia.tips

FlyArystan әуекомпаниясының “Астана – Алматы” бағытындағы әуе рейсімен ұшып келген масаң күйде әуе кемесінің бортында темекі шеккен 28 жастағы Астана тұрғынын анықталды, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша әйел кісі “жеңіл дәрежедегі” масаң күйде болған.

Тәртіп сақшылары құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) және ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-2-бөлігі (Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу) бойынша екі әкімшілік хаттама толтырып, 55 айлық есептік көрсеткіш, яғни 168 465 тг көлемінде айыппұл салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу