Ұшақ импортына берілетін жеңілдіктер сақталады

757

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Қазақстанның ұсынысын оң қабылдады.  

Ұшақ импортына берілетін жеңілдіктер сақталады

Қазақстан тарапы азаматтық жолаушылар ұшақтарының жекелеген түрін әкелуге қатысты тарифтік жеңілдіктің қолданылу мерзімін ұзартуды ұсынған еді. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі осыған қатысты оң шешім қабылдады.

Импорттық тарифтік жеңілдікті ұзарту қазақстандық авиакомпанияларға әуе кемелерін жеткізуге тапсырыстар орналастыруға және ұшақтар паркін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл ішкі және халықаралық тасымалдау құнына оң әсер етеді.
Мысалы, Қазақстанда азаматтық турбовинттік жолаушылар ұшақтарын пайдалану 10 өңірлік әлеуметтік маңызы бар маршруттарда жүзеге асырылады. Бұл бүкіл ел бойынша көліктік қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ішкі өңірлік маршруттарда әуе тасымалдарын жүзеге асыру үшін Канадада өндірілген 78-орындық "Bombardier" DYC-8-402 Q400 турбовинттік ұшақ пайдаланылады. Алдағы 5-6 жылда қазақстандық авиакомпаниялар аталған үлгідегі кемінде 10 әуе кемесін сатып алады деп жоспарлануда.

Жалпы қазақстандық авиакомпаниялардың барлық типтегі қосымша әуе кемелеріне қажеттілігі алдағы 10 жылға 150 бірлікті құрамақ.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 10 маусымдағы шешімімен жолаушылар сыйымдылығы 110-нан 300 адамға дейінгі турбореактивті әуе кемелерін әкелуге қатысты жеңілдікті 2031 жылғы 31 желтоқсанға дейін, ал жолаушылар сыйымдылығы 90 адамға дейінгі турбовинттік лайнерлер үшін 2025 жылдың соңына дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу