Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары арасындағы әуе байланысын жандандырудың ерекшеліктерін айтып өтті.
"Бірінші кезеңде күніне 4 рейс жасау жоспарлануда. Оның ішінде 2 рейс Air Astana, 1 рейс FlyArystan, 1 рейс Scat компанияларына тиесілі. Олар билет құнын карантинге дейінгі деңгейде ұстауға міндетті. Жағдай түзелген сайын рейс санын және ұшақ сиымдылығын арттыру мәселесі қарастырылады. Әуе тасымалы көліктегі бас санитарлық дәрігер бекіткен күшейтілген санитарлық талаптарды орындау арқылы жүзеге асады", – деген министр жолаушылардың коронавирус инфекциясын жұқтырмағаны жайлы анықтамасы болуы керек екенін айтты.
"Ұшу үшін жолаушыда COVID-19 белгісі жоқ екенін трастайтын анықтама болуы керек. Анықтаманың жарамдылық мерзімі пысықталуда. Жолаушылар жеке қорғаныс құралдарын қолдануы керек. Маска және қолғап киіп, дене қызуын өлшетіп, тиісті арақашықтықты сақтау қажет. Әуежайда және ұшақта күшейтілген дизинфекция жасалады", – деді Дәурен Абаев.
Нұржан Көшкін