Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Үкіметтік комиссияның жетекшісі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Қазір алдын ала мәлімет бойынша, сарапшылар ұшақ Қазақстанның әуе кеңістігінен тыс жерде зақымданған деген қорытындыға келіп отыр. Осыған байланысты жедел-тергеу тобы түрлі сараптамалар тағайындады. Бұған дейін сот-медициналық және гистологиялық сараптамалар тағайындалған. Cонымен қатар молекулярлық-генетикалық сараптама тағайындалды, – дейді ол.
Оның айтуынша, қазір кешенді сот-медициналық, баллистикалық және жарылғыш заттарға сараптама тағайындалды.
– Яғни, қашан жарылыс болды, жарылысқа не себеп болды. Сараптама бізге нақты жауап беруі керек. Сараптама қорытындысы туралы қоғамға – Қазақстанға, әлемге хабарлайтын боламыз. Біз халықаралық ережелер мен нормаларды сақтай отырып, тергеу барысында барлық мән-жай туралы хабарлаймыз, бұл бірінші кезекте Чикаго конвенциясы мен ИКАО нормалары, – деді Қанат Бозымбаев.