Бұл талап тек әуе компаниясы тарапынан әбестік болса ғана қолданылады. Мұндай кезде жолаушы алдымен әуе компаниясына арыз жазады. Одан нәтиже шықпаса, сот арқылы ақшасын өндіріп ала алады.
"Ұшақ кешіккен кезде заң бойынша компания жолаушыларға қандай қызмет ету керегі көзделген. Әуе компаниялары ұшу кестесінде өзгеріс болып, рейс уақыты кешіктірілсе жолаушылар әр сағатына билет төлемақысынан 3 процентін қайтаруы керек. Мұндай жағдайларда мемлекет оларға айыппұл салады. Бірінші кезекте 200 АЕК, тағы қайталанса 1000 АЕК-те", - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.