Ұшақ салонында электронды темекі шеккен жасөспірімнің әке-шешесіне айыппұл салынды

Тексеру жұмыстарының барысында, полицейлер ұшақта электронды темекі шеккен жолаушының Атырау қаласының 15 жастағы тұрғыны екенін анықтады. 

Ұшақ салонында электронды темекі шеккен жасөспірімнің әке-шешесіне айыппұл салынды Фото: pixabay.com

Әуе кемесінің бортында темекі шеккен, кәмелетке толмаған жолаушы қыздың ата-анасына айыппұл салынды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

SCAT әуекомпаниясының Атырау – Тараз бағытындағы рейсі ұшып келгеннен кейін Тараз қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері акт бойынша құқық бұзушыны түсіріп алды.

Тексеру жұмыстарының барысында, полицейлер ұшақ салонында электронды темекі шеккен жолаушының Атырау қаласының 15 жастағы тұрғыны екенін анықтап, кәмелетке толмаған жолаушымен профилактикалық әңгіме жүргізген.

Сақшылар оған темекі шегудің, алкогольді ішімдік ішудің және басқа да қауіпті психотроптық заттардың денсаулыққа зиян екені туралы түсіндірді.

Сондай-ақ, ұшақ бортында қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін ескертті.

Сонымен қатар, қыздың ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК (36 920 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу