Ұшақ тұрғын үйлерге соғылды

211

АҚШ-тың Калифорния штатына қарасты Сими-Вэлли қаласында шағын, бір моторлы ұшақ апатқа ұшырап, пилот қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұшақ тұрғын үйлерге соғылды Фото: indianexpress.com

ABC телекомпаниясының жергілікті бөлімшесінің хабарлауынша, ұшақ қаладағы үйлерге құлап, өрт шыққан.

Өрт бірден сөндіріліпті. Тұрғын үйлердің тұрғындары зардап шеккен жоқ.

Қазір АҚШ-тың азаматтық авиация федералдық басқармасы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу