Ұшаққа кешігіп келіп, полицейге тіл тигізген жолаушы сотталды

154

Сот үкімі заңды күшіне енді. 

Ұшаққа кешігіп келіп, полицейге тіл тигізген жолаушы сотталды Фото: inbusiness.kz

Елорда әуежайында Алматы тұрғыны ұшаққа кешігіп келіп, агрессивті мінез көрсетіп, әуежай аумағында полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынудан бас тартқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тергеу барысында ер адамның полицейлердің талаптарын елемей, оларға балағат сөздер айтып, денсаулыққа зиян келтірумен ашық қорқытқаны анықталды. Оның әрекеті билік өкілдеріне қарсы қылмыс ретінде бағаланды.

Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы кінәні дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар ұсынды. Істі қарау нәтижесінде сот ер адамды кінәлі деп танып, 1 жыл 1 ай мерзімге бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады", – делінген Бас көлік прокуратурасы хабарламасында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу