Ұшаққа құстың соғылуынан экипаж кері қайтты

854

Ұшаққа құстың соғылуынан экипаж кері қайтты

30 шілде күні Алматы – Актау  бағытындағы "Эйр Астана" әуе компаниясының Airbus A321 ұшағы  КС 884 рейсін орындауда құспен соғысып қалды, деп хабарлайды компанияның баспасөзі.

Ұшақ Алматыдан 22:25-те көтерілді. Қауіпсіздікті қамтамассыз ету мақсатында экипаж әуежайға қайта оралып, 23:40-та лайнер әуежайға келіп қонды. Компанияның инженерлері ұшақты жіті тексеріп, еш ақау таппады.

Осыдан кейін 00:55 минутта ұшақ Ақтауға қарай жол тартты.

"Эйр Астана" компаниясы жолаушыларға түсіністік танытқаны үшін алғыс айтып, туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.

Ұшқан құстың соғылуы кемені зақымдап, ұшаққа қауіп төндіреді. Жыл басынан бері Алматы әуежайында құстың кемеге соғылу жағдайы 7 рет тіркелген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу