Ұшаққа отырарда Covid-19-ға анықтама талап етілмейтін болды

1266

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер тиісті қаулы қабылдады.

Ұшаққа отырарда Covid-19-ға анықтама талап етілмейтін болды

Енді ұшақ жолаушыларынан коронавирусқа қатысты анықтама талап етілмейді. Ішкі рейстерге қойылған міндет мүлде алынып тасталды. Осыған қатысты көліктегі бас санитар дәрігер Садуақас Байғабұлов қаулы қабылдады.

Алдағы уақытта әуерейстеріндегі басқа да талаптар алына бастайды. Себебі, 1-10 мамыр аралығында жүргізілген бақылау нәтижесінде әуе кемесінде жұқтыру оқиғалары болмаған.

Естеріңізге сала кетейік, 7 мамырда жолаушыларды араға бір орын қалдырып отырғызу талабы да алынған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу