Көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің санитарлық-карантиндік пункттерінің басшысы Сәдуақас Байғабылов баламен ұшатын жолаушыларға қойылатын жаңа талаптарды атады.
"Ұшаққа отырғызуда бір орын бос қалдырып жайғастыру тәртібі негізгі талап екенін айтқым келеді. Сәйкесінше, әуе кемесі 60 пайыз ғана толтырылады деген сөз. Екі жолаушының арасындағы қашықтық бір метрден кем болмауы керек. Үлкендермен бірге ұшатын балаларға да ағзасында коронавирус инфекциясы жоқ екені туралы анықтама алу қажет болады. Маска болуы да міндетті. Бұл талаптар егде адам, жас бала деген сияқты санаттарға бөлінбейді, бәріне ортақ", – деді маман.
Есжан Ботақара