Ұшақта Ақмарал Әлназарова көмектескен келіншек танымал журналист болып шықты

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай жеке парақшасына жазды.

Ұшақта Ақмарал Әлназарова көмектескен келіншек танымал журналист болып шықты Фото: видеодан алынған кадр

Ол Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға алғысын жаудырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бұған дейін журналист Сырым Итқұлов та өзінің телеграм арнасында көмек алған жолаушы 1,6 миллион жазылушысы бар журналист Гүлмира Әбіқай екенін айтқан еді. Дәл сол күні журналист Оқу-ағару министрімен де кездесу жоспарланған.

– Кей журналист айлап нақты мәселелер бойынша жауап ала алмай жүргенде, бір күннің ішінде екі министрмен жолығу – ерекше жағдай, – деп жазады Сырым Итқұлов. 

Ал журналистің сөзінше, ол орындықта отырған кезде өзін нашар сезінген. Сол сәтте министр Әлназарова дереу келіп, алғашқы көмегін көрсеткен. Гүлмира Әбіқай оқиғаның растығына дәлел ретінде өз билетін де көрсетті. 

Кеше ғана министр Ақмарал Әлназарованың ұшақта есінен танып қалған келіншекке көмек қолын созғанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу