Ұшақта апаттық есікті ашып жіберген адамға 10 млн теңге айыппұл салынды

392

Сот компанияның талабын қанағаттандырды ма?

Ұшақта апаттық есікті ашып жіберген адамға 10 млн теңге айыппұл салынды Фото: Бейнежазбадан

Түркісіб аудандық соты Fly Arystan әуе компаниясының арызын қанағаттандырды. Компания мас күйде ұшақтағы апаттық есікті ашып жеберген жолаушыны сотқа берген болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Апаттық есікті ашылып, үрлемелі апаттық трапты іске қосылған соң да жолаушылар мен экипаж мүшелерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Дегенмен, ұшақ алдағы уақытта ұшуға дайын болу үшін жоспардан тыс тексеру мен жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет болды. Әуе компаниясы апаттық трапты ауыстыру үшін 9 551 922 теңге жұмасады. Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының шешімімен жолаушыдан келтірілген материалдық шығын мен мемлекеттік баж салығы өндірілмек", – деп жазды әуе компаниясы.

Айта кетейік, 2023 дылы 23 желтоқсанда Шымкент-Алматы бағыты бойынша FlyArystan әуе компаниясының KC7106 рейсі қонғанан соң жолаушы апаттық есікті ашып жіберген. 2024 жылғы 17 қаңтарда жолаушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 566-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу