Үндістанның Jet Airways лайнерінің бортында аяқ астынан бір жолаушы босанып, сәбилі болды. Толғағы келген әйелдің жағдайын білгеннен кейін ұшақ дереу Мумбайға бағыт алған. Борттағы фельдшер мен экипаж жүкті әйелге көмек көрсетті. Бала Boeing 747 жерге қонып үлгерместен дүниеге келді, деп хабарлайды szh.kz.
Аталмыш әуе компаниясы үшін бұл алғашқы тосын жағдай болып отыр. Сол себепті компания нәрестеге өмір бойы рейстерде тегін жүру мүмкіндігін сыйлады.
Айта кетейік, мұндай сыйлықтар сирек кездеседі. Соңғы рет 2009 жылы AirAsia әуе компаниясы Пенангтан Кучингке бағытталған екі сағаттық ұшу кезінде дүниеге келген сәбиге дәл осындай сертификат табыстаған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу