Ұшақта темекі шеккен Оңтүстік кореялық азаматқа айыппұл салынды

318

Оған 50 АЕК (172 500 тг) мөлшерінде айыппұл салынды.

Ұшақта темекі шеккен Оңтүстік кореялық азаматқа айыппұл салынды Фото: freepik

Оңтүстік Корея азаматына ұшақ бортында темекі шеккені үшін 50 АЕК айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сеул – Алматы бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне Air Astana әуекомпаниясы өкілінің актісі бойынша құқық бұзушы берілді.

Тексеру барысында полицейлер әуе кемесінің дәретханасында темекі шеккен 24 жастағы Оңтүстік Корея азаматын анықтады.

Шетелдік азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-2-бөлігі, яғни әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтыну бойынша әкімшілік хаттама толтырылып оған 50 АЕК (172 500 тг) мөлшерінде айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, ұшақ бортында темекі шегуге тыйым салынады және бұл 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатын әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қарастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу