Жолаушының бағына орай сол бортта Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазанов көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ұшу кезінде 38 жастағы Ресей азаматының денсаулығы күрт нашарлаған. Әйел әлсіреп, жүрегі айнып, қан қысымы көтерілген. Сондай-ақ, тыныс алуы қиындаған.
Осы рейсте болған вице-министр Манас Рамазанов жолаушының жағдайын тексеріп, қан қысымын өлшеген және қажетті медициналық көмек көрсеткен. Нәтижесінде әйелдің жағдайы жақсарған.
Жаза кетейік, 2025 жылғы қарашада Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова да Астана – Алматы бағытындағы ұшақта қан қысымы күрт көтерілген жолаушы әйелге алғашқы медициналық көмек көрсеткен еді.