"Ұшақта жолаушылардың мазасын алған": Астанада Моңғолия азаматына айыппұл салынды

391

Оған 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

"Ұшақта жолаушылардың мазасын алған": Астанада Моңғолия азаматына айыппұл салынды Фото: inbusiness.kz

Көлік полициясы Моңғолия азаматына ұшақта алкоголь ішкені үшін айыппұл салды, деп хабарлайды Inbusiness.kz ведомствоға сілтеме жасап.

2023 жылғы 14 тамызда Астана қаласы Халықаралық әуежайындағы Желілік полиция бөліміне "СКАТ" әуекомпаниясының Ыстамбұл - Астана бағытындағы әуерейсінің бортында құқықбұзушының бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті.

"Экипаж мүшелері полицейлерге жолаушы азаматтың әуе кемесінің ұшу кезінде алкогольдік ішімдік ішкенін, тіпті басқа жолаушылардың тыныштығын бұзғанын айтты. Мән-жайлар анықталғаннан кейін құқықбұзушы акт бойынша полицейлерге берілді", - делінген хабарламада.

Тексеру барысында көлік полицейлері Моңғолияның 39 жастағы азаматын анықтады. Ол кезекші бөлімге жеткізілді, медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, алкогольдік масаң күйде болғандығы белгілі болды.

Шетелдік азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 440-бабының 1-бөлігімен, яғни, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда масаң күйінде пайда болу бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Шетелдік азаматқа 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу