Ұшақта қажылықтан елге қайтып келе жатқан азаматты өлімнен құтқарып қалған жетісулық дәрігер Жаннұр Сырымовқа Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровадан алғыс хат берілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіров көксулық дәрігерлермен жиын өткізіп, дәрігерге құрмет көрсетті.
Айта кетейік, Жаннұр Сырымов бүгінде Жетісу облысы Көксу аудандық ауруханасының бас дәрігері болып қызмет атқарады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу