Ұшақта жүрегі тоқтап қалған сәбиді құтқарған оралдық дәрігер марапатталды

2992

Орал қаласында ұшақта жүрегі тоқтап қалған сәбиді құтқарған дәрігер марапатталды.  

Ұшақта жүрегі тоқтап қалған сәбиді құтқарған оралдық дәрігер марапатталды Фото: БҚО денсаулық сақтау басқармасы

Демікпе дертімен диспансерлік есепте тұрған 1,5 жастағы сәбидің кенет тыныс алуы мен жүрек соғысы тоқтап қалған, деп жазады inbusiness.kz БҚО денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Жолаушы ретінде ұшақ бортында болған дәрігер дереу баланың жағдайын бағалап, алғашқы реанимациялық көмек көрсетеді. Салон іші күңгірт болғаны науқастың тері түсін, жағдайын дөп басып анықтауға қиындық туғызған. Кәсіби құрал-жабдық та жоқ. Басқа да қиындықтарға қарамастан, дәрігер баланы ажалдан арашалап қалды.

"Баланың жүрегі тоқтап, демалмай қалғанда өзім қорқып кеткенім рас. Бірақ айқайлап, дүрбелең туғызбадым. Өйткені ұшақта үлкен кісілер, балалар бар, олар да шошып кетуі мүмкін еді. Тіпті ұшақты шұғыл қондырудың қаншалықты қажеттілігі туралы шешім қабылдау керек болды. Бірақ баланың тыныс алуы дұрысталды", - деді облыстық балалар ауруханасының неонатолог дәрігері Гүлсім Жұмағалиева.

Ұшақ қонғаннан кейін сәби жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Қажет ем-дом жасалып, анасымен бірге үйіне жіберілді. Алайда анасы отбасылық жағдайымен сұхбат беруден бас тартты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының әлеуметтік желісінде дәрігерге ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу