Ұшақты басып алған қарақшылар Мальта билігіне тапсырылды

973

Ұшақты басып алған қарақшылар Мальта билігіне тапсырылды

Кеше белгісіз біреулер Ливияда бортында 118 адамы бар жолаушылар ұшағын басып алған болатын.

Олар ұшақты Мальтаға айдап кеткен. Ұшақты жарып жібереміз деп сес көрсеткен 2 әуе қарақшысы сағаттар бойы жүргізілген келісімнің артынан өз еріктерімен берілді. Олар билікке берілместен бұрын борттағы күллі жолаушыларды босатқан. Тақтан құлатылған Муаммар Каддафи жақтаушысы болғанын алға тартқан әуе қарақшылары саяси баспана сұрады. Мальта әскері ұшақтан шыққан қарақшыларды тұтқындады, деп жазады 24Хабар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу