Алматы облысында ауа райының күрт бұзылуынан бүгін таңғы сағат 10:30-да Үшарал-Достық тас жолы тағы да жабылды, деп хабарлайды 24Хабар.
Қазір онда ақтүтек боран ұйытқи соғып тұр. Сол себепті аталған жол бөлігінің 83-ші шақырымынан бастап 184-ші шақырымына дейін барлық көлік түрлерінің жүріп-тұруына тыйым салынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу